Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

 

2025 жылғы 31 наурыз сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-уі – саяси партиядан, 2-еуі  – өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

«AMANAT» партиясы 1 кандидат ұсынды.

Өзін-өзі ұсыну жолымен барлығы 2 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылғы 6 сәуір күні сағат 18-00 де аяқталады.

         Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

                                   

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
01 апреля 2025