2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4 бабына сәйкес және Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №АСК-125 Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз қоса алғанда 12 (он екі) қол санында белгіленсін.

         2.Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.

         3.Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Сырдари аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Е. Шайлан

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                       Ә. Парзу

 

 

 

АСК-141

1.04.2025 ж

Дата публикации
01 апреля 2025