2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4 бабына сәйкес және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №АСК-125 Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз қоса алғанда 9 (тоғыз) қол санында белгіленсін.
2.Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
3.Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Сырдари аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Е. Шайлан
Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ә. Парзу
АСК-140
1.04.2025 ж