2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған А.Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау учаскесінің орналасқан орны мен шекаралары туралы хабар

САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА

 

2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған А.Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау учаскесінің орналасқан орны мен шекаралары туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес және «А.Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №АСК-125 қаулысы негізінде Сырдария ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекаралары туралы хабарлайды.

 

№154 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:

Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылы, Е.Боранбаев көшесі №1, №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектебінің ғимараты.

Байланыс телефоны: 25-1-73.

Шекарасы: А.Тоқмағанбетов ауылдық округі

 

 №165 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:

Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы, Абай Құнанбаев көшесі №16, ауылдық мәдениет үйінің  ғимараты.

Байланыс телефоны: 26-1-55.

Шекарасы: Н.Ілиясов ауылдық округі

 

 Сырдария ауданы әкімінің аппараты

Дата публикации
01 апреля 2025