2025 жылғы 30 наурыздағы Сырдария аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына өткен сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2025 жылғы  30 наурыздағы Сырдария аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына өткен

сайлау қорытындысы туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық занының 14, 44, 45, 46, 111,                                     112 - баптарына сәйкес 2025 жылғы 30 наурызда №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Сырдария аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1893 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1290 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 82 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Сырдария аудандық мәслихат депутатының сайлауы бойынша мынадай қорытындылар белгіленді:

№4 сайлау округі бойынша:

Кандидат Есмаганбетова Айткуль Амантаевна үшін сайлаушылардың 112 дауысы берілді;

кандидат Сейлов Жанибек Алиаскарович үшін сайлаушылардың 86 дауысы берілді;

кандидат Ұлтанбеұлы Болатбек үшін сайлаушылардың 1031 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны -  19;

Сайлау қорытындысымен №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаты болып Ұлтанбекұлы Болатбек сайланды. 1979 жылы туған, Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде тұрады..

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 апреля 2025