Ақпараттық хабарлама

2025 жылғы 31 күні Сырдария аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттар тапсырылды:

Н.Ілиясов ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Омаров Алмат Киясович, Медет Ербол Кәртайұлы.

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімін сайлау бойынша кандидаттың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Н.Ілиясов ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 20 наурызынан бастап 1 сәуір (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.

                                                                          

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
31 марта 2025