Ақпараттық хабарлама

2025 жылдың 31 наурызында Сырдария аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 және 2 тармағына сәйкес, «AMANAT» партиясының ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:

А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Курманалиев Нурлан Маханбетжанович.

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 20 наурызынан бастап 1 сәуір (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
31 марта 2025