Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне кандидат Көрпелдесов Бауыржан Жетпісбайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

 Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне кандидат Көрпелдесов Бауыржан Жетпісбайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Сырдария аудандық полиция бөлімінің көші-қон тобының инспекторы полиция майоры Т.Садыбековпен 2025 жылғы 20 наурыздағы №2 бірлескен актісін негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауында С.Сейфуллині ауылдық округі әкіміне кандидат Көрпелдесов Бауыржан Жетпісбайұлы С.Сейфуллин ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне кандидат Көрпелдесов Бауыржан Жетпісбайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 20 наурыздағы №86 хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

         

     

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                           Е.Шайлан

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының  хатшысы                                                       Ә.Парзу 

 

 

 

АСК-130

20.03.2025 ж

 

Дата публикации
20 марта 2025