СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес және 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №АСК-125 қаулысымен Асқар Тоқмағанбетов, Нағи Ілиясов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалды.

Асқар Тоқмағанбетов, Нағи Ілиясов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 20 наурызынан басталады және 2025 жылдың 1 сәурінде, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық құжаттар талапқа сәйкестігі анықталғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 6 сәуірінде, сағат 18.00-де аяқталады.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының орналасқан орны:

120600, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9А, байланыс телефоны:  21-1-60, электронды поштасы tic_kzl_syr@saylau.kz.

 Сырдария аудандық сайлау комиссиясының құрамы:

Төраға - Шайлан Ермек Мұратбекұлы, төраға орынбасары - Қонақбай Гаухар Темірбекқызы, хатшы - Парзу Әділет Серікұлы, комиссия мүшелері: Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, Каратаев Максут Амануллаевич, Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы, Беймбетов Ержан Бахытович.

 

№154 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:

Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылы, Е.Боранбаев көшесі №1, №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектебінің ғимараты.

Байланыс телефоны: 25-1-73.

№154 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:

Төраға –  Қурманалиев Нурлан Маханбетжанович, төраға орынбасары  –  Сақыбек Бағдат Опабекұлы, хатшы – Омарова Самал Утегеновна, комиссия мүшелері: Жұмабаев Бауыржан Нұрғазыұлы, Сәдірбаева Бақыткүл Махмутқызы, Султанова Несибели Даутбаевна, Нұрғалиев Ерлан Нұрланұлы. 

 

№165 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:

Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы, Абай Құнанбаев көшесі №16, ауылдық мәдениет үйінің  ғимараты.

Байланыс телефоны: 26-1-55.

№165 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:

Төраға – Анафияев Ілияс Кенжебекұлы, төрағаның орынбасары –  Қалыбай Асқар Дөненбайұлы, хатшы – Кенжегулова Гулбану Мараловна, комиссия мүшелері: Найзатаева Сәуле Тыныштыққызы, Досаева Күлжанат Итемгенқызы, Құрақбай Жадыра Мұханбетқызы, Оразалиев Тимур Оразалыұлы. 

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының

жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы         

Дата публикации
19 марта 2025