Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

 

2025 жылғы 18 наурыз күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-уі – саяси партиядан, 2-еуі – өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

«AMANAT» партиясы 1 кандидат ұсынды.

Өзін-өзі ұсыну жолымен барлығы 2 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі анықталды. Кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылғы 23 наурыз күнгі сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 марта 2025