Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының     

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған

депутатының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

2025 жылғы 30 наурызда Сырдария аудандық мәслихатының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде болатын мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиясы мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына ұсынылған 3 кандидатты тіркеді.

Осылайша, мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.

Тіркелген 3 кандидаттың 1-і саяси партиядан, 2-і өзін-өзі ұсынған. Оның 2-і ер адам, 1-і әйел адам.

3 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшелері болып табылады.

Орташа жас -  45.

Барлық кандидат жоғары білімді.

Кандидаттардың барлығы мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 29 наурыз 00.00 сағатқа дейін созылады.

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 марта 2025