СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЫ

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №АСК-116 қаулысымен Сырдария ауданы Сәкен Сейфуллин ауылдық округі шекарасында Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде сайлау округі құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес және 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №АСК-117 қаулысымен Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалды.

Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 6 наурызынан басталады және 2025 жылдың                              18 наурызында, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық құжаттар талапқа сәйкестігі анықталғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 23 наурызында, сағат 18.00-де аяқталады.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының орналасқан орны: 120600, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9А, байланыс телефоны:  21-1-60, электронды поштасы tic_kzl_syr@saylau.kz.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының құрамы:

Төраға - Шайлан Ермек Мұратбекұлы, төраға орынбасары - Қонақбай Гаухар Темірбекқызы, хатшы - Парзу Әділет Серікұлы, комиссия мүшелері: Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, Каратаев Максут Амануллаевич, Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы, Беймбетов Ержан Бахытович.

 

№159 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:

Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы,  Сәрке батыр көшесі №26, №137 орта мектебінің ғимараты.  Байланыс телефоны: 25-3-43.

 

№159 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:

Төраға - Нурышов Абылай Жаканович, төраға орынбасары - Суюбаева Рауан Муратовна, хатшы - Пирманов Турарбек Алтынбаевич, комиссия мүшелері: Сағалова Роза Кеңесбекқызы, Мұратбек Серікбол Мұратбекұлы, Кайрлаева Карлыгаш Шеримбетовна, Ізімбетова Жұлдыз Пірмаханқызы.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы         

Дата публикации
05 марта 2025