С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалсын.
  2. Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жариялансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                       Е.Шайлан                

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                      Ә. Парзу

 

 

АСК-117

05.03.2025 ж

Дата публикации
05 марта 2025