№166 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

№166 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12) тармағына сәйкес, Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 8 ақпандағы Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауында Куламкадиров Талгат Изтаевич кандидат ретінде тіркеу туралы қаулысына, Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының  2025 жылғы 8 ақпандағы №71 хаттамалық шешімі негізінде,  Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №166 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Курбанова Айзура Муратовна, Мырзахожаев Ринат Серикбаевичті 2025 жылдың 10 ақпаннан 3 наурызына дейін Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде міндеттерін орындауын уақытша тоқтата тұрсын.
  2. Осы қаулы №166 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

  

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                     Е.Шайлан

        

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                    Ә.Парзу

 

 

 

АСК-110

8.02.2025 ж

Дата публикации
08 февраля 2025