Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкіміне кандидат Куламкадиров Талгат Изтаевичті қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкіміне кандидат Куламкадиров Талгат Изтаевичті қолдап

сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының    6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Сырдария аудандық полиция бөлімінің көші-қон тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Б.Жұмабековпен 2025 жылғы 7 ақпандағы №1 бірлескен актісін негізге алып, Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауында Шіркейлі ауылдық округі әкіміне кандидат Куламкадиров Талгат Изтаевичт Шіркейлі ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Шіркейлі ауылдық округі әкіміне кандидат Куламкадиров Талгат Изтаевичті қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 7 ақпандағы №69 хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

         

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                                             Е.Шайлан

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының  хатшысы                                                         Ә.Парзу 

 

 

 

АСК-104

7.02.2025 ж

Дата публикации
07 февраля 2025