2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттардың                Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы 5 ақпандағы №02-10/182 санды хатының және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 ақпандағы №66 хаттамасының негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылдық округі әкіміне кандидат Азаматов Айбек Асылбекович Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталсын.
  2. Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкіміне кандидаттар Куламкадиров Талгат Изтаевич, Кужахметов Серик Бахитович, Туранов Нурбол Мухтарович «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес екені анықталсын.
  3. Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                              Е. Шайлан

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                              Ә. Парзу

 

 

 

АСК-98

05.02.2025 ж

Дата публикации
05 февраля 2025