2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4 бабына сәйкес және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №АСК-88 Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз қоса алғанда 15 (он бес) қол санында белгіленсін.

         2.Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.

         3.Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

      Сырдари ауданының аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы                                                            Е. Шайлан

 

     Сырдария ауданының аумақтық

      сайлау комиссиясының хатшысы                                                            Ә. Парзу

 

 

 

АСК-100

5.02.2025 ж

Дата публикации
05 февраля 2025