Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2025 жылғы 4 ақпан күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкіміне өзін өзі ұсыну жолымен барлығы 4 кандидат ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылғы 9 ақпан күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы