САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА
2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскесінің орналасқан орны мен шекаралары туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес және «Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №АСК-88 қаулысы негізінде Сырдария ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекаралары туралы хабарлайды.
№166 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: "Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппаратының Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, байланыс телефоны: 24-6-03
Шекарасы: Шіркейлі ауылдық округі
Сырдария ауданы әкімінің аппараты