№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сырдария ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сырдария ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына,  101-бабының  1 тармағы 4) тармақшасына, 3-1 тармағы және 6-тармағына сәйкес Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сырдария ауданының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған, Сырдария ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Тіршілік тынысы» аудандық газетінде жариялансын және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                         Е. Шайлан

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                        Ә.Парзу

 

  

АСК-93

29.01.2025 ж

Дата публикации
29 января 2025