№166 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған құрамына комиссия мүшесін уақытша тағайындау туралы

№166 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған

құрамына комиссия мүшесін уақытша тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12) тармағына және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 қаңтардағы №63 хаттамалық шешімі негізінде, Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №166 учаскелік сайлау комиссиясына Бектоғаева Ләззат Оңғарқызын 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізуге 2025 жылғы 23 ақпаннан 3 наурызға дейін уақытша комиссия мүшесі болып тағайындалсын.
  2. Осы қаулы №166 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
  3. Осы қаулының орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                     Е. Шайлан

        

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                    Ә. Парзу

 

 

 

 

 

 

АСК-92

23.01.2025 ж

 

 

Дата публикации
23 января 2025