СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЫ
Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №АСК-87 қаулысымен Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі шекарасында Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес және 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №АСК-88 қаулысымен Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалды.
Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 23 қаңтарында басталады және 2025 жылдың 4 ақпанында, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық құжаттар талапқа сәйкестігі анықталғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 9 ақпанында, сағат 18.00-де аяқталады.
Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120600, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9А, байланыс телефоны: 21-1-60, электронды поштасы tic_kzl_syr@saylau.kz.
Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Шайлан Ермек Мұратбекұлы - төраға, Қонақбай Гаухар Темірбекқызы - төраға орынбасары, Парзу Әділет Серікұлы - хатшы, мүшелері: Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, Каратаев Максут Амануллаевич, Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы, Беймбетов Ержан Бахытович.
№166 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы, Жылқыбай Құттыбаев көшесі №4, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты. Байланыс телефоны: 24-6-03
№166 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:
Алмаганбетова Айнур Асылбековна - төраға, Омар Нұрлан Ержепбайұлы - төраға орынбасары, Курбанова Айзура Муратовна - хатшы, комиссия мүшелері: Құлымбетова Ғайни Қуанышбайқызы, Бектоғаева Ляззат Оңғарқызы, Мырзахожаев Ринат Серикбаевич, Прішева Маржан.
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы