Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалсын.

  2. Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  3. Осы қаулы аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жариялансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                        Е. Шайлан        

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                        Ә. Парзу

 

АСК-88

22.01.2025 ж

 

Дата публикации
22 января 2025