«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округі шекарасында Шіркейлі ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
Құрылған сайлау округінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жариялансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е. Шайлан
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Ә. Парзу
АСК-87
22.01.2025 ж