«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік техникалық орталығы» ШЖҚ РМК-ның аумақтық сайлау комиссияларымен 2025 жылға арналған өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылы өткізілетін саяси науқандар, жоғары тұрған сайлау комиссияларының жоспарлары мен тапсырмалары ескеріле отырып әзірленген жұмыс жоспары бекітілсін.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е. Шайлан
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Ә. Парзу
АСК-85
05.01.2025 ж