«Сырдария ауданының кент және ауылдық округтерінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 77 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Сырдария ауданының кент және ауылдық округтерінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 77 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Тереңөзек кентінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 1688283,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 96063,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 4637,2 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 182 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 1587400,4 мың теңге;

2) шығындар – 1708748,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 20465,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 20465,4 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 20465,4 мың теңге.»;

Аталған шешімнің 1 – қосымшалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың

       төрағасы                                                                                       Е.Әжікенов

Дата публикации
24 декабря 2024