2024 жылғы 8 желтоқсанда №11 және №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Сырдария аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2716 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1813 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 28 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 6.
Сырдария аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша мынадай қорытындылар белгіленді:
№11 сайлау округі бойынша:
Кандидат Амангелдина Жанар Амангелдіқызы үшін сайлаушылардың 233 дауысы берілді;
кандидат Каскиев Руслан Жанайдарұлы үшін сайлаушылардың 612 дауысы берілді;
кандидат Молдашев Абзал Батырбекұлы үшін сайлаушылардың 65 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 18;
№12 сайлау округі бойынша:
Кандидат Смайлова Гүлбану Жақсылыққызы үшін сайлаушылардың 473 дауысы берілді;
кандидат Сағындыкова Эльвира Алмасбекқызы үшін сайлаушылардың 101 дауысы берілді;
кандидат Тажібаев Жалғасбай Серікбайұлы үшін сайлаушылардың 99 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 25;
Сайлау қорытындысымен Сырдария аудандық мәслихаттың депутаттары болып сайланды:
№11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Каскиев Руслан Жанайдарұлы, Сырдария аудандық мәслихаттың депутаты болып 1976 жылы туған, "АкзLTD" ЖШС-нің директоры, Қызылорда қаласында тұрады.
№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Смайлова Гүлбану Жақсылыққызы, 1971 жылы туған, "№174 орта мектебі" КММ-нің мектеп директоры, Сырдария ауданы Айдарлы ауылында тұрады.
Аумақтық сайлау комиссиясы