Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының
№11, №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған
депутатының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2024 жылғы 8 желтоқсанда Сырдария аудандық мәслихатының №11, №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 7 кандидаттан барлығы 1 кандидатты жеке өтініші негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 6 кандидатты тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 6 кандидаттың 1 саяси партиялар, 5 өзін-өзі ұсынған. Оның 3 ер адам, 3 әйел адам.
4 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 2 – партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 45.
5 кандидаттың жоғары білімі, 1 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 5 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда. 1 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 7 желтоқсан 00.00 сағатқа дейін созылады.