Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және
өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының
6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сырдария ауданында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

  2. Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 «Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріcтер енгізу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 119 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

  3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң колданыска енгiзiледi.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
31 октября 2024