Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 54 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8447-11 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырдария ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі