2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Сырдария ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылдың 21 қазаннан кешіктірмей

(22-б., 14 б., 6-тт)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылдың 21 қазаннан кешіктірмей

(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Сырдария ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2024 жылдың 26 қазаннан кешіктірмей

                                                                                      (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

26 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктері, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктері)

11 қазанда басталады және  8 қараша жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады,

 (103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік  сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына             2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

11 қазанда басталады және  13 қараша сағат жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                       (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

(104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін  

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген кезде) 

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Сырдария ауданының әкімі және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылдың 13 қарашаға дейін

(28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

13 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін және 7 желтоқсан жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-ге дейін

(27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін             үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сырдария ауданының әкімдігі және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Сырдария ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2024 жылдың 17 қарашаға дейін

 (26-1 б. 1-т.)

 

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2024 жылдың 22 қарашадан бастап

                                                                           (26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                         

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,

2024 жылдың 27 қарашаға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей,

5 желтоқсаннан ерте емес және 7 желтоқсанға дейін

 (37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Сағат 06:00-да, 8 желтоқсан  2024 жыл

 ( 40-б. 1-т.)

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні  сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін,

8 желтоқсан 2024 жыл

(38-б. 1-т.)

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады,

8 желтоқсан 2024 жыл  және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды

                                                                        (43-б, 18-б 8-тт)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                            (108-б. 1-т.)

 

28. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2024 жылдың 9 желтоқсаннан кешіктірмей                                                                    

(108-б. 2-т.)

 

29. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылдың 14 желтоқсаннан кешіктірмей

 

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

30. Сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                           

 

Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

Дата публикации
11 октября 2024