№11, №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Сырдария ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына,1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №11, №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Сырдария ауданының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.

  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.

  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Сырдария ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

  4. Осы қаулы «Тіршілік тынысы» аудандық газетінде жариялансын және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                                Е. Шайлан

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                               Ә.Парзу

 

 

11.10.2024ж

АСК-71

Дата публикации
11 октября 2024