Сырдария аудандық мәслихатының депутаты Е.Т.Жақыптың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Сырдария аудандық мәслихатының депутаты Е.Т.Жақыптың

өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін

негіздің туындағаны туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20-бабы                            3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес Е.Т.Жақыптың 2024 жылғы 09 қазандағы өтініші негіздерінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария аудандық мәслихатының депутаты Еркебұлан Төлепбергенұлы Жақып мәслихат депутатының мiндеттерiн орындаумен сыйымсыз лауазымға тағайындалуына байланысты Сырдария аудандық мәслихаты депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
  2. Сырдария аудандық мәслихатына Е.Т.Жақыптың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
  3. Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
  4. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

 

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                     Е. Шайлан

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                     Ә. Парзу

 

 

АСК-70

09.10.2024ж

 

Дата публикации
09 октября 2024