2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Қазақстан Республикасы

Орталық референдум комиссиясының

2024 жылғы 3 қыркүйектегі

38/42 қаулысымен бекітілген

 

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

         1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау

 

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 12 қыркүйектен кешіктірмей

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды  жариялау

 

Тиісті әкімдер

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 12 қыркүйектен кешіктірмей

 

          3. Республикалық референдум алдындағы үгіт

 

 

 референдум тағайындалғаннан кейін басталады және

2024 жылғы 5 қазанда нөл сағатта аяқталады

 

           4. Шешіммен учаске құрылған әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн учаскелiк референдум комиссияларына акт бойынша ұсыну  

 

Тиісті әкімдер

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей

 

           5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2024 жылғы 20 қыркүйектен кешіктірмей

 

          6.  Жекелеген  референдум  учаскелерiнде  дауыс  берудiң  басталуы  мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi азаматтарға жеткiзу

 



Дата публикации
03 сентября 2024