Сырдария ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы ЖОБА

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
97-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сырдария ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Сырдария аудандық мәслихатының келесі нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерінайқындау туралы»

Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 163 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6131 болып тіркелген);

2) «Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсаныңдағы
№163 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 399 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7329 болып тіркелген);

3) «Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсаныңдағы
№163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 470 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 болып тіркелген);

4) «Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8401-11 болып тіркелген).

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2024