Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 69 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 10326337 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 4606756 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 14198 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5705283 мың теңге;
2) шығындар – 10476337 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 315352 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 478056 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 162704 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 465352 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 465352 мың теңге;
қарыздар түсімі – 478056 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 162704 мың теңге:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 150000мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Сырдария аудандық
мәслихатының төрағасы Е. Әжікенов