2023 жылғы 10 желтоқсанда өткен Бесарық ауылдық округінің әкімін сайлау қортындысы туралы ХАБАР

2023 жылы 10 желтоқсанда Сырдария ауданы, Бесарық ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Бесарық ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №168 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына,44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Бесарық ауылдық округі әкімін сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

  Бесарық ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Сайлаушылар тізімінде 1305 сайлаушы бар, олардың 1058-ы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 18, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 9.

Бесарық әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды.

Кандидат Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлына 180 дауыс, Оралов Гани Музапбаровичке147 дауыс, Сарсенбаев Даулет Абаевичке 704 дауыс берілді.

Дауыс беру нәтижесінде Бесарық ауылдық округінің әкімі болып Сарсенбаев Даулет Абаевич сайланды.

  1978 жылы туған. Бесарық ауылдық округі әкімі. «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Сырдария ауданы Бесарық ауылдық округінде тұрады.


Сырдария ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 декабря 2023