Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Бесарық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қарашадағы №АСК-183 шешімімен 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған сайлауда Бесарық ауылдық округ әкіміне кандидат болып тіркелді:
1.Сарсенбаев Даулет Абаевич – 1978 жылы туған, ұлты қазақ. Сырдария ауданы «Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім. Сырдария ауданы Бесарық ауылында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі.
2.Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы – 1981 жылы туған, ұлты қазақ. Сырдария аудандық білім бөлімі, әдіскер. Сырдария ауданы Қалжан Ахун ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
3.Оралов Гани Музапбарович – 1991 жылы туған, ұлты қазақ. Сырдария ауданы әкімі аппараты, аударма жөніндегі редакторы. Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.