«Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 163 шешіміне өзгеріс енгізу туралы ЖОБА

Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы

    № 163 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6131 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерінде:

3 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тұрғын үй көмегі «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
03 октября 2023