2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған аудандар әкімдерін пилоттық режимде сайлауда аудан әкімдеріне кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына,     33-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандар әкімдеріне кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялау – 256 000 (екі жүз елу алты мың) теңге;

2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу және  кандидаттардың үгіт материалдарын шығару – 114 000  (жүз он төрт мың) теңге;

3) көліктік шығыстар - 50 000  (елу мың) теңге.

  1. Осы қаулы Сырдария, Шиелі аудандық сайлау комиссияларына жіберілсін.

  2. Жоғарыда көрсетілген аудандық сайлау комиссиялары осы қаулыны аудандар әкімдеріне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.

  3. Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парағында жариялансын.

          Төраға                                                                А.Ерсултанов

          Хатшы                                                                А.Сырлыбаева

 

 Қызылорда қаласы

2023 жылғы 20 қыркүйек

№ОСК-253/531

Дата публикации
22 сентября 2023