СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасы, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №АСК-171 қаулысымен Қызылорда облысы Сырдария ауданының шекарасында Сырдария ауданының әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды. 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:  120600, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі, №9А ғимараты, байланыс телефоны: 21-1-60, электронды поштасы tic_kzl_syr@saylau.kz

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2 тармақшасына, осы баптың 2 тармағы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №45 шешіміне сәйкес,  Сырдария аудандық сайлау комиссиясының №АСК-172 қаулысымен Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің сайлауы 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалды.

Бекітілген Сырдария ауданының әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 16 қыркүйекте басталады және 2023 жылғы 5 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясының құрамы туралы хабарлайды. 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы: Өтегенова Балшекер Сұлтанбекқызы - төраға, Шайлан Ермек Мұратбекұлы - төраға орынбасары, Парзу Әділет Серікұлы - хатшы, комиссия мүшелері -  Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, Ерімбет Сәуле Сұлтанқызы, Жанибеков Берик Съездович, Құлмақов Берлан Оразбекұлы.

 

©Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 сентября 2023