2023 жылы 17 қыркүйекте Сырдария ауданы, Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сырдария аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Айдарлы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасының негізінде анықтады:
Айдарлы ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Айдарлы ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізімінде 827 сайлаушы бар, олардың 669-ы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 21, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 7.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Есенов Багдат Мырзалиевич – 139, Жумабеков Нурбол Баяналиевич – 355, Конысбаев Айбек Жуманазарович - 147.
Айдарлы ауылдық округінің әкімі болып сайланған Жумабеков Нурбол Баяналиевич 1989 жылы туылған, Айдарлы ауылдық округі әкімі «AMANAT» партиясынан ұсынған, Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұрады
.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы