|
1. Аумақтық сайлау округінің құрылуы туралы қаулы қабылдау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 қыркүйек
(14-б. 6) т., 21-б. 4-т.) |
|
2. Сырдария ауданының әкімін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Пилоттық өңірлердің тізбесі және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәслихаттың шешімі негізінде Аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 қыркүйек (113-1-б.1-т. 2-т),2-т.) |
|
3. Сайлау округі туралы ақпаратты оның шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей (22-б. 2-т.)
|
|
4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей
(13-б. 4-т.)
|
|
5. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей
(17-б. 2-т.) |
|
6. Сайлау учаскелерінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Сырдария ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей
(23-б. 5-т.)
|
|
7. Әкімге кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен саған он сегізде аяқталады 2023 жылғы 16 қыркүйекте басталады және 2023 жылғы 5 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.)
|
|
8. Әкімге кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы (4-б., 113-2-б.)
|
|
9. Әкімге кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
10. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
11. Әкімге кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиялары құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8,9-т.)
|
|
12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімге кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кірісоргандары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
15. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиялары Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма бескүн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады 2023 жылғы 16 қырқүйекте басталады және 2023 жылғы 10 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады
(113-5-б.) |
|
16. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
19. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Сырдария ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2023 жылғы 15 қазан (24-б. 5-т.)
|
|
21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2023 жылғы 20 қазан (26-б. 1-т.)
|
|
22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей
(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2023 жылғы 2 қарашадан ерте емес және 4 қарашаға дейін
(37-б. 3-т.)
|
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
25. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін –дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
29. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2023 жылғы 8 қараша (113-10-б.) |
|
30. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей
(44-б.) |
|
31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.