«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2 тармақшасына, 2 тармағына сәйкес және Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №45 «Қызылорда облысы бойынша аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын өткізу үшін пилоттық аудан және облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекіту туралы» және №46 «Қызылорда облысы бойынша аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын өткізу күнін белгілеу туралы» шешімдерінің негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің сайлауы 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалсын.
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімін сайлауды әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде жариялансын және Cырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б. Өтегенова
Хатшы Ә. Парзу
Тереңөзек кенті,
АСК- 172
15 қыркүйек 2023 жыл