«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабының негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қызылорда облысының Сырдария ауданының шекарасында Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Cырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б. Өтегенова
Хатшы Ә. Парзу
Тереңөзек кенті,
АСК-171
15 қыркүйек 2023 жыл