Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 343 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6953 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган - «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.».
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |