2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауында кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 тамыздағы №АСК-163 «Айдарлы ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Айдарлы ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни 1 қол қою парағы, 9 сайлаушының қолы болып белгіленсін.
2.Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
3.Осы қаулы Cырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.


Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Өтегенова

Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ә.Парзу

 

Дата публикации
28 августа 2023