«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына сәйкес және 22-бабының негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Айдарлы ауылдық округінің шекарасында Айдарлы ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
Құрылған Айдарлы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп ақпаратты, Cырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «сайлау» бөлімінде орналастырылсын және аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде жариялансын.
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б. Өтегенова
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Ә. Парзу
Тереңөзек кенті,
АСК-162
9 тамыз 2023 жыл