Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Айдарлы ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес және   113-1-бабының 3-тармағының негізінде Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалсын.

  2. Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының  қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  3. Осы қаулы Cырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «сайлау» бөлімінде орналастырылсын және аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                           Б. Өтегенова

 

Сырдария ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                           Ә. Парзу

 

 

Тереңөзек кенті,

АСК-163

9 тамыз 2023 жыл

 

Дата публикации
09 августа 2023