«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 121-бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамына әуеайлақ маңындағы аумақтан жерді ерекше шарттармен пайдалану аймағының шекарасы белгіленсін.
«Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамының әуе айлақ маңындағы аумақтан жерді ерекше шарттармен пайдалану аймағының жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
«Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Н. Жұмабеков) осы қаулыдан туындайтын шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің тиісті жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданының
әкімі Б. Сарменбаев